Назарбаев коронавируспен күресуге өз қорынан 200 млн теңге бөлді

Нұрсұлтан Назарбаев коронавируспен күреске 200 миллион теңге бөлуді тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.
Елбасының сайтында елімізде коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы тұру үшін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры 200 миллион теңге бөлетіні туралы хабарланды.
Қаражат жағдайды қадағалап отырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырысы бойынша бөлінеді.
Бүгінде Қазақстанда эпидемияға қарсы барлық қажетті шаралар толығымен орындалуда. Шаралар уақытылы және жағдайға сай. Мемлекет бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдауда. Қауіпті инфекциямен күресуге отандық бизнес те өз үлесін қосуда. Мен әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамымыздың бірлігін көрсетіп, бұл бастамаға толық қолдау көрсетуге шақырамын. Біз бұл сынақтан абыроймен шығамыз. Біз біргеміз! – делінеді ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасында.
Бөлінетін қаражат Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктерінде теңдей ұсынылады.
Қаржылық көмек пандемиямен күресуге атсалысатын медициналық қызметкерлерді марапаттауға, медициналық маскалар мен қосымша дезинфекциялау құралдарын алуға жұмсалады. Сондай-ақ, ақшаның бір бөлігі балалар үйі мен елорданың мамандандырылған ауруханаларын тамақтандыруға жұмсалады.
Сонымен қатар, Қор басшылығы Нұр Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасына 50 мың медициналық маска тапсырды.