Жаңалықтар тізбегі
0

Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2020 16:25 primeminister.kz
Асқар Мамин қажет болған жағдайда стационарлық карантинді қамтамасыз ету үшін қалалық инфрақұрылым нысандарын қайта жарақтау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.

2020 жылғы 19 наурызда ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды zakon.kz.

Рrimeminister.kz мәліметі бойынша, Нұр-Сұлтан қаласынан шыға берістегі "Нұр-Сұлтан – Петропавл" автожолы бойындағы №2 бақылау-өткізу бекетін аралау кезінде Үкімет басшысына елорданың карантинге жабылуы кезіндегі ішкі істер қызметкерлерінің, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Қарулы Күштердің әскери қызметкерлерінің бекеттегі қызметі туралы баяндалды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2020 16:25

А. Мамин қажет болған жағдайда стационарлық карантинді қамтамасыз ету үшін қалалық инфрақұрылым нысандарын қайта жарақтау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.

Үкімет басшысы елорда әкімдігінің, полиция және денсаулық сақтау қызметкерлері мен Қарулы Күштердің әскери қызметкерлерінің карантин режимі жағдайында үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2020 16:25

Тексеру сапарына Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев және қорғаныс министрі Н. Ермекбаев қатысты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: