Жаңалықтар тізбегі
0

Құлдыраған мұнай: теңгенің халі не болмақ?

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2020 22:10 видеодан кадр
Ұңғымалар мен құбырлар мемлекетіміздің негізгі табысына, экономикасының тірегіне айналғанына 30 жылға таяп қалды.

Мұнайдың бір баррелінің құны бұл күні 20 доллардың айналасында. Алайда экономист мамандар алдағы уақытта қара алтынның бағасы 1 теңгеге дейін құлдырап кетуі мүмкін деп болжап отыр. Мұнай арзандап, теңге құнсызданса елімізге, әр қазақстандыққа қалай әсер етеді?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Мына ұңғымалар мен құбырлар мемлекетіміздің негізгі табысына, экономикасының тірегіне айналғанына 30 жылға таяп қалды. Мұнайдың құны шарықтап, 2008 жылдары тіпті барреліне 139 долларға дейін жеткен еді. Ол күндер артта қалып, қазір әлемде нарық үшін талас қыза түскен. Бұрын мәмілеге келетін елдер, бұл күні қара алтынды өндіруде жалқы саясат ұстана бастады.

Рашид Жақсылықов, экономист, Мұнай сервистік компаниялар одағының төрағасы:

"Бірлесіп, келісіп артық өндірмеудің жолы жойылғаннан кейін демпинг басталады, ол басталды дегеніңіз шынында да ең төменгі мұнайды бағасы нені көтере алады сол деңгейге дейін құлауы мүмкін. Ол тіпті бір доллар да болуы мүмкін. Баға орнына келеді, біз 2019 жылдың жаз айындағы межеге жете қоямыз дегенге мен 1-2 жыл төңірегінде ешқандай оптимитсік жорамал көріп тұрған жоқпын".


Қазақ жерінен мұнай өндіріп жатқан компаниялар жетерлік. Ол АҚШ-тың "Шевроны", Ұлыбританияның "Бритиш газы", Францияның "Тоталы", Қытайдың "Ситик групп корпорейшны" деп кете береді. Бұл тізімде Ресейдің "Роснефть" және "Лукойл" компаниялары да бар. Мұнай бағасы арзандаған сәтте, экономистер әлемнің әр түкпірінен келген инвесторлардан айырылып қалмауымыз керек деген пікірде. Бұл нарықтың мың құбылуы бірінші рет емес, сондықтан ел экономикасын әртараптандыру жолын қарастырған маңызды болып тұр.

Рашид Жақсылықов, экономист, Мұнай сервистік компаниялар одағының төрағасы:

"5-6 реттен сабақ алмаған, осы соңғыдан сабақ ала қояды дегенге мен өз басым сенбеймін. Ертең жағдай түзелгеннен кейін сол әнімізге, сол жырымызға салып, басқа да экономикалық салаларды дамыту керек еді, экономиканы дербестендіру керек еді. Жол картасы деген әңгімелерімізді өршітеміз. Менің ойымша халықтың өзіне де ойланып жаңа кәсіп ашып, кәсіпкер атанып, тәуелсіз болуға тырысу керек шығар".


Экономиканың тек шикізатқа тәуелді болуы жетістік емес. Бұған қоса АҚШ, Ресей, Сауд Арабиясы сияқты мемлекеттердің мұнай нарығында саяси ойыны жүріп жатыр. Егер сарапшылар болжап отырғандай, сәуір айында бір баррелдің құны жиырмадан он долларға, кейін тіпті бір долларға дейін түсіп кетсе жағдай қиындамақ. Жаттанды сценарий, ұлттық қорға жүгінуге тура келеді. Биылғы жылдың шығыны 12,9 триллион теңге деп болжанған еді. Соңғы оқиғаларға қатысты бұл сома өзгерері сөзсіз.

Гүлжан Қарағұсова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

"Нақты қалай болатынын мен сіздерге айта алмаймын. Бізге бюджетті нақтылауға әлі келеді. Бірінші кезекте Үкімет шаралардың санын қысқартады. Коронавирус онсыз да бұл үрдіске әсер етті. Көптеген конференциялар тағысын тағы жиындар азайса, сәйкесінше қаражат үнемделеді. Әлеуметтік төлемдер тоқтамайды. Егер мұнай бағасы нөл теңгеге түсіп кетсе, бұл мүмкін емес нәрсе. Сол жағдайда ақша жетпей қалуы мүмкін".

Қаңтар айының басында бір доллардың құны 382 теңге еді. Кейін біршама уақыт 376-378 теңге айналасында құбылып тұрды. Ал кейін, кейін "ұшты-ұшты" деген ойын басталып кетіп, 450 теңгеге келіп бірақ тоқтады. Әлі де өсер ме елді, уақытща тұрақтауына Ұлттық банк бес тиынын қосқан екен.

Сапарбай Жұбаев, экономист:

"Алғашқы күндері валюталық интервенция жасады. Кейін еркін жібереміз, өз жайын тапсын дегендей қылып жіберген еді. Бүгін 447-де тұрақтап тұр. Бұл Ресеймен біздікі тең жағдайда. + Ұлттық банктің ең басты мақсаты Қазақстандағы инфляцияны таргет дейді, мақсаты 4-6 пайыздан асырмау".


Экономикаға мұнайдың үлесі қандай болса, валютаның құнсыздануы да соған тікелей байланысты. Күнделікті көк қағазды шытырланып санап жүрмесек те, теңгенің құнсыздауына әр қазақстандыққа әсер етеді.

Сапарбай Жұбаев, экономист:

"Біздің сатып алу қабілетіміз төмендейді. Инфляция жоғарылауы мүмкін. Шетелден алынатын дәрі-дәрмек, киім, техникалардың бағалары қымбаттайды. Бірақ, Үкімет үлкен шаралар қолданып жатыр. Бюджеттен, ұлттық қордан қаржыландыру өте үлкен болып жатыр".


Бүкіл әлем елдері базалық ставканы төмендетіп жатқанда, бізде керісінше, көтеріліп, 12 пайыз деп бекітілді. Аталған мөлшерлеме бірінші кезекте экономикадағы валютаның құнын көтеруге бағытталған. Сәйкесінше несиелердің проценті де бір орында тұрмайды деген сөз. Ставканы көтеру, елдегі қаржылық тұрақтылықты бірқалыпты ұстау үшін және дағдарысқа қарсы шара деп түсіндірілді. Алайда, мұнайдың бағасы құлдырай беретін болса,Ұлттық банктың бұл шешімі де ұзақ мерзімде ұтымды болмайын деп тұр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: