Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысына #Bizbirgemiz акциясы қарқынды жүргізілуде

пресс-служба акимата области пресс-служба акимата области
Ал облыстық партия филиалының қызметкерлері карантинге жабылған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мұқтаж жандарды қолдау мақсатында ерікті түрде бір күндік айлық жалақыларын аударды.

Жамбыл облысында #Bizbirgemiz акциясы қарқынды жүзеге асырылуда. Акцияның мақсаты – жауапты сәтте жұмыла біліп, көмекке мұқтаж жандарға, көпбалалы және жалғызбасты аналарға, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету.

Бүгінгі таңда Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінен жолданған көмекке мұқтаж 6465 және қосымша жасақталған 1008 азаматтың тізіміне нақтылау жұмыстары жүргізілді. "Біргеміз – Жамбыл облысы" қоғамдық қоры нақтыланған 5786 азаматтың тізімін "Халық банкіне" ұсынып, банк тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Алдын-ала зерделенген тізімге сәйкес, 6540 азамат аталған банктің қолданушылары болса, 933 азаматқа арнайы есеп-шоттар ашып, көмекті байланыссыз жеткізу жоспарланып отыр.

#Bizbirgemiz акциясына аймақ кәсіпкерлері де айрықша қолдау білдіруде. Олар қиын сәтте қайырымдылық көрсетіп, қамқорлық жасау – азаматтық парызымыз деп есептейді. Бүгінде "Nur Otan" партиясының белсенді партия мүшелері – жеке кәсіпкерлермен 39 963 000 теңге көлемінде қаржы жиналып, 1903 отбасыға көмек көрсетілді.

Акциядан жеке кәсіпкерлер мен аймақ абыройын асырып жүрген спортшылар да тыс қалған жоқ. Партия мүшесі Е.Манжуов өз қаражатына 2 мың дана маска тіктірсе, "Вксуная корзинка" ЖШС-нің директоры А.Тультаев 3,5 млн. теңгеге әр апта сайын 50 отбасыға көмек көрсетуде. Байзақ, Меркі, Талас аудандарында кәсіпкерлер, мәслихат депутаттары 50 отбасыдан, Қордай ауданында жеке кәсіпкер С.Салыбаев аз қамтылған 60 отбасыны азық-түлікпен қамтыды. Ал спорт саңлақтары Б.Ыстыбаев 100 отбасыға, А.Таңатаров 50 отбасыға көмек қолын созды. Сондай-ақ, партия белсенділері және "жасотандықтармен коронавирустың алдын алу бойынша сақтық шаралары жазылған флаерлар таратылды.

Ал облыстық партия филиалының қызметкерлері карантинге жабылған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мұқтаж жандарды қолдау мақсатында ерікті түрде бір күндік айлық жалақыларын аударды.

Акцияның жүзеге асырылу барысы туралы әлеуметтік желілерде #Bizbirgemiz!, #NurOtan; #Мывместе!, #NurOtan хэштегтері арқылы постттар, фотолар және бейне материалдар белсенді жариялануда.

Алдағы уақытта акция шеңберінде мұқтаж жандарға көмек көрсету тұрақты түрде жалғасатын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: