Жаңалықтар тізбегі
0

"Барселона" банкрот алдында тұр

Getty Images, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2020 22:54 Getty Images
Каталониялық атақты футбол клубы қиын жағдайда деседі.

"Барселона" президенттігіне кандидат Виктор Фонт клубтың банкрот алдында тұрғанын мәлім етті.

– "Барселона" құрдымға кетуі мүмкін екенін талайдан бері ескертіп келдік. Клуб әлі футболшылар буынын жаңартуы керек, жаңа спорт кешенін салып, қаржылық ресурстары өте зор компаниялармен бәсекелесуі керек. Неймар ісі бойынша клуб сотқа сүйретілді, ойыншылар мен қызметкерлер арасында талай кикілжің болды, клуб әлеуметтік желілер ісі бойынша тексерулерді бастан өткерді. Клубның спорттық саясаты да тұрақсыз, директорат іріп-шіріді, коронавирус салдарынан табыстар айтарлықтай азайып кетті. Клубқа экономикалық және моральдық банкрот қауіпі төніп тұр. Ойын аяқталды, – деген Фонттың сөзін Mundo Deportivo келтірген.

Виктор Фонт – технологиялар саласындағы каталониялық кәсіпкер. Ол 2021 "Барселона" президентінің сайлауында Жозеп Бартомеумен күреске түседі.

Биыл Ла лиганың көш басында келе жатқан "Барселона" коронавирус пандемиясы үшін үзіліске кетуге мәжбүр болды, клуб 27 турдан кейін "Реалдан" екі ұпайға озып тұр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: