Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев: Пандемияға қатысты Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес бірлескен мәлімдеме жасайды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2020 22:04 Ақорда
Тоқаев COVID19 ауруын диагностикалау мен емдеудің инновациялық тәсілдері бойынша ақпарат алмасуды күшейту, сол секілді елдер арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайту керектігін айтты.

Қазақстан Президенті бүгін - 14 сәуірде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте коронавирус пандемиясына байланысты мәлімдеме жасайтынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысып жатыр. Ол бейне конференция форматында өтуде.

Бұл кездесу - біздің елдеріміздің төтенше жағдай кезіндегі өзара іс-қимыл туралы пікір алмасуымыз үшін оңтайлы. Біз бірқатар бірлескен шаралар қабылдап та қойдық. Бүгін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес бірлескен мәлімдеме жасайды. Бұл шаралар вирустың таралуына қарсы күресте және біздің елдеріміздің экономикасын тұрақтандыруда маңызды құрал болады, - деді Президент.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз етуді, дайын өнімді шығару, сыртқы нарыққа шығу және ауылшаруашылық ғылымы бойынша тәжірибе алмасуды арттыру үшін өзара ынтымақтастықты нығайту тетіктерін қарастырып, ойластыруына болар еді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі Twitter-де.

Біздің бірлескен жұмысымыздың маңызды бағыты аймақтық өндірістік және технологиялық өндірістерді құру болуы мүмкін. Біз экономикаларымыздың бәсекелігі артықшылықтарына негізделген қосымша зқұны қосылған аймақтық өндірістер тізбегін құра бастаймыз. Одақ аясында құрылған тауарлар мен қызметтерді кедергісіз жылжыту шартын ескере отырып, оны өзара тиімді сауда жүргізу амалдарын қайта қарастырған дұрыс деп санаймыз.Іскерлік белсенділікті ынталандыру - әр кездегі басты міндет. Біздің бірлескен жобамыз - Еуразиялық даму банкі дағдарыстан кейінгі кезеңдегі бірлескен жобаларды қаржыландырудың тиімді құралына айналуы керек, - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың пікірінше, COVID19 ауруын диагностикалау мен емдеудің инновациялық тәсілдері бойынша ақпарат алмасуды күшейту керек, сол секілді елдер арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайту маңызды.

Карантиндік режимнің енгізілуіне байланысты біз сандық тауарлар мен қызметтерге сұраныстың өскенін байқадық. Сондай-ақ, біз сандық инфрақұрылымның сапасы мен қауіпсіздігінің аса маңызды екендігіне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Жетілдірілген, жоғары сапалы цифрландыруды енгізу интеграцияның барлық бағыттарының тиімділігін анықтайды: кеден қызметтерін цифрландырудан бастап Fintech бойынша бірлескен жобаларға дейін.

Президент сонымен қатар ЕАЭО құрамына кіретін елдер осы дағдарысқа қарсы тұрып, оны еңсере алатынын баса атап өтті. Ол мемлекеттер пандемия кезінде сабақ болған дүниелерді ескеріп, осы кезең ішінде қалыптасқан тәжірибені талдап, алдағы жаңа сынақтарға дайын болу керектігін де баса айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: