Жаңалықтар тізбегі
0

Қордайдағы қақтығыс: Алматыда 24 адам қамауға алынды

ҚР ІІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2020 23:46 ҚР ІІМ
Олар екі айға қамауға алынды.

Алматыда соңғы екі ай ішінде Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен 24 адам қамауға алынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Наурыз айының соңында Жамбыл облысында, Алматы мен Шымкентте Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке белсене қатысқандарды ұстау үшін арнайы операция өткізілді. Оның аясында қауіпсіздік күштері 25 адамды ұстады, олардың жетеуі бұрын сотталған. Олар Алматыға жеткізілді.

Бүгін - 14 сәуірде Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі күдіктілер екі айға қамауға алынғанын хабарлады.

Сот 24 адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы 2-бөлімі, яғни "Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу" бойынша екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, делінген хабарламада.

7 ақпанда сағат 19.00 шамасында Қордай ауданына қарасты ауылының шетіне 70-ке жуық агрессивті адамдар жиналып, топтық төбелестің басталуына түрткі болған. Қақтығысқа 300-ге жуық адам қатысты.

Төтенше оқиға салдарынан 185 азамат зардап шекті, оның 34-і ауруханаға жеткізілді, 11 адам қайтыс болды. Сонымен қатар үйлер, коммерциялық нысандар мен көліктер өртенді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Мемлекет басшысы үкіметтік комиссия құруға, Жамбыл облысы бойынша полицияның бас офицерін, облыс әкімінің орынбасары, Қордай ауданының әкімін қызметінен босатуға бұйрық берді. Кейін Жамбыл облысының әкімі қызметінен алынды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: