Қызметкерлері жаппай ауру жұқтырған Алматыдағы аурухананың бас дәрігері жұмысынан қуылды

Бауыржан Жуасбаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2020 15:32 Бауыржан Жуасбаев
Бұл ақпаратты Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасы растады.

Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Алмаз Жувашев қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл ақпаратты Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасы растады.

Еске сала кетейік, Алматыда жаңадан анықталған коронавирус жұқтырудың 174 жағдайының басым бөлігі - медицина қызметкерлері.

13 сәуірде Алматыда 12-ші аурухана карантинге жабылды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында коронавирус инфекциясының бұрқ етуіне байланысты жағдайды шешуді жауапты шенділерге тапсырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: