Жаңалықтар тізбегі
0

Атомдық және энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы тағайындалды

ҚР ЭМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2020 22:12 ҚР ЭМ
Абай Шаңғытбаев В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Автоматика және басқару жүйесі факультетін бітірген.

Энергетика министрінің бұйрығымен Абай Мұхтарұлы Шаңғытбаев Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай Шаңғытбаев В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Автоматика және басқару жүйесі факультетін бітірген, біліктілігі: инженер-электрик.

Еңбек жолын 1988 жылы "ЗапКазЭнерго" РУ электр желілерінің Оңтүстік кәсіпорнында байланыс электромонтері, релелік қорғау және автоматика қызметінің инженері болып бастаған.

1991 ж. - "ЗапКазЭнерго" РУ Электр желілерінің Шығыс кәсіпорны релелік қорғау, автоматика және өлшеу инженері.

1999 ж.- ҚР Энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігінің "Мемэнергоқадағалау" ЗКРУ энергоинспекциясының инспекторы.

2004 ж. - Сату бөлімінің инспекторы, "Ақтөбеэнерго" ААҚ Хромтау аудандық электр желілері бөлімінің бастығы (2004 ж.).

2013 ж. - Хромтау АЭЖ бастығы, өндірістік-техникалық қызмет бастығының орынбасары, "Энергосистема" ЖШС-ның өндірістік-техникалық қызметінің бастығы.

2015 ж. - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті аумақтық бөлімшелерді үйлестіру мониторинг және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс басқармасының бас сарапшысы, тұтынушылардың электр желілері мен электр қондырғыларын қадағалау және бақылау басқармасының бастығы.

2015 ж. - ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасы департаменті директорының орынбасары.

2016 ж. - ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.

2016 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін-Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

Құрметті атақтары мен мемлекеттік наградалары бар:

"Құрметті энергетик" Қазақстан Электр Энергетиқалық Қауымдастығы (2011).

ТМД Еңбек сіңірген энергетигі (2016).

"Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі (2002).

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: