Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында "Көршілер бақылауы" бағдарламасы оң нәтиже көрсетті

caravan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2020 01:01 caravan.kz
Аталған ұйымдардың құрамында 1500 жуық мүше бар.

Алматы облысы аумағында жұмыс істейтін "Көршілер бақылауы" бағдарламасы бойынша 2200 астам қоңырау қабылданып, полицейлер 1600 астам құқық бұзушылықтың алдын алды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған бағдарламаның негізгі мақсаты құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, тұрғындардың заң бұзушылыққа жауапкершілігін арттыру болып табылады.

Құқық қорғау бағытындағы қоғамдық ұйымдар мен тұрғындардың қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзущылықтарды болдырмауға белсенді атсалысуы үшін облыстық Полиция департаменті тарапынан кешенді шаралар қабылдануда.

Қазіргі уақытта Алматы облысында 366 қоғамдық құрылым құқық қорғау бағытында қызмет етеді. Аталған ұйымдардың құрамында 1500 жуық мүше бар. Биыл осы ұйымдардың көмегімен 146 әкімшілік құқық бұзушылық әшкере болды. Тәртіп сақшылары қоғамдық ұйым өкілдерімен қоян-қолтық жұмыс жасап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде.

Сонымен қатар, еліміздің қолданыстағы заңнамасына сәйкес, құқық қорғау органдарына қолдау көрсетіп, кез келген заң бұзушылықтың алдын алған азаматтардың әрекеті орган тарапынан көтермеленетіні белгілі.
Биыл облыстың бас полицейі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан сүбелі үлесі үшін 48 тұрғынды марапаттап, сыйлықтар табыстады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: