Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістандықтар онлайнда жарапазан айтып, ақша тауып жүр

Отырар ТВ, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2020 20:49 Отырар ТВ
Рамазан айында халық жарапазанды да ұмытқан жоқ. Енді ескі дәстүр онлайн түрде жаңғырды.

Карантин режиміндегі рамазанда шымкенттіктер онлайн жарамазан айтуға көшті. Ескі дәстүрді бірі аудио, енді бірі видео жазба арқылы жаңғыртып жатыр. Тіпті, осы арқылы олар табыс та тауып үлгерген. Бірақ, биылғы кіріс бұрынғыдай емес дейді кәсіби жарапазаншылар, деп хабарлайды Отырар.

Биылғы рамазан айы шектеулер күшейтілген шақта келді. Бірақ, режимнің қатаңдатылуы иісі мұлылманға тосқауыл болған жоқ. Тарауих намазына мешітке жинала алмаса да, құлшылық жасаушылар қазір теледидардан уағыз тыңдай алады. Ауызашар бере алмаса да, мұқтаж жандарға азық-түлік таратуды бастады. Жерлестеріміз жарамазанды да ұмытқан жоқ. Енді ескі дәстүр онлайн түрде жаңғырды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2020 20:49

Рақымжан Бауыржанұлы жыл сайын рамазан айында үйді-үйді, дәмханаларды аралап жарамазан айтуды кәсіпке айналдырған. Өткен жылы бір айдың өзінде ол бір миллион теңге тапқан еді. Ескі әдетін әнші каратинде де қоя алмапты. Қазір ол әлеуметтік желіде жарамазан айтып жүр. Осы уақытқа дейін Рақымжан 15 мың теңге тапқан.

Рақымжан Бауыржанұлы, Шымкент қаласының тұрғыны:

"Қалжың ретінде жарамазанмен қосып, есепшоттарымызды да жіберген болатынбыз. Кейін қарасақ, ел-жұрт ақша сала бастады. Қазірге дейін мың теңге таптым".

Кәсіпқой жарамазаншыдан Түркістанның аруы асып түсті. Күнгейдің тұрғыны Индира Кәрібай жарамазан айтып бір сағатта 20 мың теңге тапқан. Бұған дейін ескі дәстүрді әдет қылмаған ол, жарамазан айтуға карантин сеп болды дейді.

Индира Кәрібай, Түркістан қаласының тұрғыны:

"Маған әпкемнен жарамазан хабарлама болып келді. Астыңғы жағына есепшот та көрсетілген екен. Қызық болып, өз есепшотымды жаздым. Және туған-туыстарыма тараттым. Бір сағатта 20 мың теңге жиналды. Осы уақытқа дейін жарамазаннан жиналған ақша 70 мыңнан асты".

Ересектер жарамазанды әлеуметтік желіде айтса, балалар ауызашар уақытын өз үйлерінде сүйіншілеп жүр. Осылайша олар үйден алыстамай-ақ тәттілерге қарық болуда.

Жарамазанның тағы бірі әлеуметтік желіге хабарлама арқылы келуде. Онда хабарлама жолдаған жан соңғы жағына жеке счет нөмірін де көрсетіп қояды. Осылайша жерлестеріміз жылына бір келетін қасиетті айда ескі дәстүрге жаңа тыныс берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: