Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда Биологиялық қауіпсіздік жөнінде ғылыми кеңес құрылады

dailystorm, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2020 22:33 dailystorm
Оған беделді ғалымдар мен білікті сарапшылар тартылады.

ҚР Үкіметінде өткен онлайн-брифингте Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бүгінгі таңда елімізде санитарлық-эпидемиологиялық жүйені нығайтуға, ғылыми зерттеулерді және фармацевтикалық өндірісті дамытуға қадамдар жасалып жатқанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Үкіметінің ресми сайтында хабарланғандай, бұл орайда медициналық кадр әлеуетін арттыру, оларды қолдау мәселелері қарастырылады.

"ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «мына қиын кезең өтісімен біз денсаулық сақтау жүйесіне қатысты барлық мәселелерді қайта қарап, өзектілігін анықтап, алда кездесетін қандай да жағдайларға дайын болуын қамтамасыз етуіміз керек» деген міндет қойды. Осыған орай, Үкімет жанынан, беделді ғалымдар мен эксперттерден құрылған Биологиялық қауіпсіздік жөнінде ғылыми кеңес құрылады", — деді Е. Тоғжанов.

Сонымен қатар вице-премьер ендігі кезекте экономикалық белсенділікті кезең-кезеңімен ретке келтіріп, азаматтар үшін қалыпты тіршілік жағдайларын жасау міндеті тұрғанын атап өтті.

"Карантиндік шектеулер әрбір адам үшін құндылықтарды қайта бағалап, өзі мен өз ортасына жауапкершілігін арттырды. Күнделікті өмірімізде гигиеналық, санитарлық талаптарды сақтау, қауіпсіздік шараларын орындау қалыпты жағдайға айналып отыр. Коронавирус инфекциясының таратылу қаупі тұрақталып келе жатқанына қарамастан, әлі де карантиндік шаралардың сақталуы аса маңызды", — деді Премьер-Министрдің орынбасары.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: