Ауа-райына байланысты екі облыста ескерту жарияланды: бұршақ, дауыл, нөсер...

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2020 22:28 Pixabay
Нөсерлетіп, бұршалақ аралас жаңбыр жауады, қатты жел тұрады деп күтіледі.

Қазгидромет еліміздің екі облысы бойынша ауа-райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

"14 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылап, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына 15-20 жылдамдықпен үдейді. Жамбыл облысында таулы аудандарда нөсер болады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, дауыл тұрып, бұршақ жаууы күтіледі. Оңтүстік-батыс, батыстан соққан жел екпіні секундына 15-20 метр, ал кей жерлерде 23 метрге жетеді. 14 мамырда Тараз қаласында да нөсер жауын құйып, найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыс, батыстан қатты жел соғады деп күтіледі", делінген синоптиктер болжамында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: