Жаңалықтар тізбегі
0

Карантин кезінде жұмыс істегендер бірнеше ай жалақы алмаған

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2020 17:18 видеодан кадр
Бас-басыңа 100 мың теңгеден өтемақы беремін деп көндіріпті басшылық.

Өтемақы түгелі жалақыға зар болдық. Павлодарда карантин кезінде жұмысқа шыққан қонақ үй қызметкерлері тиісті еңбекақыларын ала алмай отыр. Мейманханаға оқшауланған тәртіп сақшылары мен медицина мамандарына қызмет көрсеткендері үшін олардың бас-басына 100 мың теңгеден өтемақы уәде етіліпті.

Алайда өтемақы түгілі тиісті жалақыларын да жарытып бермеген. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Павлодарда вируспен күресіп жүрген азаматтардың бірталайы қонақ үйлерге оқшауланғанын осыған дейін айтқанбыз. Тап осы мейманхананың қызметкерлері қара бастарына төнген қауіпке қарамастан, карантин кезінде жұмысқа шығуға келісіпті. Ғимараттың тазалығын сақтап, тәртіп сақшылары мен медицина мамандарын ыстық тамақпен қамтамасыз етсеңдер болды. Бас-басыңа 100 мың теңгеден өтемақы беремін деп көндіріпті басшылық. "Алайда 3 айға таяу уақыт өтсе де, өтемақы түгелі жалақыны да жарытып ала алмай отырмыз", дейді.

Гулюса Фарфуддинова, қонақ үй қызметкері:

Жалақы да жоқ. Төтенше жағдайда жұмыс істегеніміз үшін 100 мың теңге уәде еткен. Ол да жоқ. Зейнетақы шотына да ақша түспеген. Менің 3 жаста балам бар. Оның да денсаулығын тәуекелге тігіп, жұмыс істеуге келісіп едім.

Еден жуып, жан бағып жүрген Ләззат та 10 сағаттап жұмыс істейтінін айтады. Сондағы алатыны айналдырған 50 мың теңге. Жаңа жылдан бері оны да жөнді бермепті.

Ләззат Әнші, қонақ үй қызметкері:

"Біз ауылдан келеміз жұмысқа. Боқ-сідік тазалаймыз, пол жуып. Биыл жаңа жылдан бастап дұрыстап зарплата ала алмадық. Олар менен ақша ұстайды. Біздің алатынымыз 50 ақ мың. Қанша сағат жүреміз. 10 сағат жүреміз ғой осында. 50-ақ мың".

Айгүл Жұпбаева, мейрамхана әкімшісі:

"Поварлар 3 сағаттан ұйықтады. Полиция жұмыскерлерін, дәрігер жұмыскерлерін тамақтандыру үшін таң атпай сағат 7-ден. Сол үшін поворлар сағат 5 жарымнан тұрады. Олардың тағамдарын дайындайды. Түнгі 2 жарым 3-те бірақ жатады. Сонда 3 сағат қана ұйықтайды".

Қол астыңыздағы қызметкерлердің қанша сағат ұйықтап жүргенінен хабардарсыз ба деп сұрауға бекініп едік басшыдан. Темір тұлпарына зып беріп, тайып тұрды.

"Когда будет зарплата? Вы нам не скажете? Просто объясните в двух словах. Почему люди не могут дождаться своих зарплат. Извините все будет нормально мы едем подписывать документы".

Осы орайда қонақ үй акционерінің өкілін сөзге тарттық. Аталмыш мейманхананың берешегі бастан асады дейді. Тіпті, директорлар да тұрақтамайды мұнда. Екі жылда 9 мәрте ауысқан. Осындай келеңсіздіктер Корпоративтік басқару кодексінің жоқтығынан туындап отырған көрінеді.

Тұрар Жолдасбаев, акционер өкілі:

"Кодекс корпоративного управления деген документ бар. Ол документ бізге керек. Өйткені директорлардың арасында, акционерлердің арасында қарым-қатынас нашар. 35 миллиондай қарыз бар. Айлық бар, налог бар, ком услуга қарыздары бар".

Акционерлер кәсіподақ жетекшісімен кездесу үшін астанаға барамыз дейді жуырда. Қонақ үй айналасындағы түйткілдер сол кезде қаралады. Жалақы жайы да жиыннан соң шешіледі деген үміт бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: