Желіде карантин кезінде вокзалда қаптаған қара-құрым жұрттың видеосы пайда болды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2020 15:37 видеодан алынды
Бұл Қарағанды вокзалында әскери борышын өтеп, арнайы рейспен еліне оралған сарбаздарды күтіп алушы - туған-тысқандары көрінеді.

Қарағандыда Оңтүстік өңірде әскери борышын өтеп, арнайы рейспен келген сарбаздарды вокзалда күтіп алу жаппай карантин режимін бұзуға ұласты. Түнде перронда пойыздың астына түсіп кетердей ентелеген жұрт нөпіріне төтеп беруге полицияның шамасы келмей қалған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Қарағанды вокзалына келіп тоқатаған пойыздағы 500 сарбазды күтіп алуға 1000-нан аса адам жиналған. Туған-туыс, дос-жарандары пойыз келер уақытта улардай шулап, вагондардың астына түсуге шақ қалған. Кезекшіліктегі бірлі-жарым полицей олардың жарақат алып қалмауын қадағалап, есі шыққан. Бетпердесіз, ығы-жығы халықтан карантин шараларын сақтауды сұрау тіпті жайына қалыпты. Ал осы дүрбелеңге жол беріп, күтіп алуды ұйымдастырмаған өңірлік штаб пен полиция қандай да бір түсініктеме беруден ат-тонын ала қашты", - дейді телеарна тілшісі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: