25 мамырдан бастап Қазақстанның барлық әуежайы жұмысқа кіріседі

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2020 18:53 inform.kz
Әуе компаниялары санитарлық-карантиндік шараларды сақтай отырып, рейстер санын дербес анықтауға құқылы.

25 мамырдан бастап Қазақстанның барлық қалалары арасындағы әуе қатынасы толығымен қалпына келеді, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің хабарлауынша, елдің барлық әуежайлар жұмысқа кіріседі, әуе компаниялары санитарлық-карантиндік шараларды сақтай отырып, рейстер санын дербес анықтауға құқылы.

Рейстер көліктегі бас санитарлық дәрігер белгілеген санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейту жағдайында орындалады, яғни жеке қорғаныс құралдарын қолдана отырып, термометрия, әуе кемесіне отырар алдында әлеуметтік қашықтық және әуежайлар мен әуе кемелерінде кеңейтілген дезинфекция жүргізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: