Жаңалықтар тізбегі
0

Коронавируспен ауырған жамбылдық әйел: Соңғы сәтке дейін сенбедім...

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2020 15:27 видеодан алынды
Өз басымнан көрдім ғой. Бұл - өте қиын ауру. Мен 7 күн жан сақтау бөлімінде жаттым - Тұрғынбаева Сейсегүл.

Өткен аптада Жамбыл облысында КВИ жұқтырудың 100-ден астам жағдайы анықталды. 28 мамырдағы жағдай бойынша облыста коронавирус бойынша 362 науқас тіркелген, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл арадағы 180 науқас емделіп, ауруханадан жазылып шықты, бірақ 181-і әлі жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Солардың бірі - Тұрғынбаева Сейсегүл Мұратқызы.

"8 мамырда менің дене қызуым 39 градусқа дейін көтеріліп, өзімді әлсіз сезініп, дел-сал күйге түстім. Осыдан кейін жедел жәрдем дәрігерлері мені жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызды, содан бері мен осында емделіп жатырмын. Шынымды айтсам, осылай болады деп ешқашан ойламаған едім, соңғы сәтке дейін коронавирус болып қалғаныма сенбедім. Мен облысымыздың барлық тұрғындарына үндеу жасай отырып, осы аурудың алдын алудың барлық ережелерін сақтауға, көшеде маска киіп жүруге және карантин режимін сақтауға шақырамын. Өз басымнан көрдім ғой. Бұл - өте қиын ауру. Мен 7 күн жан сақтау бөлімінде жаттым. Аурухананың барлық ұжымы мен еліміздің барлық дәрігерлеріне, осы айтпай келген ауруды жеңуге көмектескен барлық адамдарға шын жүректен ризашылығымды білдіремін", - дейді әйел видеода.

Карантиндік шаралардың жұмсартылуына байланысты көшеге көптеп шыққандар адамдар дәрігерлер мен жауапты мамандардың барлық ескертулерін, карантиндік сақтық шараларын елемей келеді. Көшеде бетперде киген адам сирек. Көбісі бұл инфекцияның барына сенбейді. Салдарынан елімізде аурулар саны қайта артып, кейбір аймақтарда карантин мерзімін ұзартуға тура келіп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: