Жаңалықтар тізбегі
0

Пирамидаға 37 млн доллар салып жіберген 5 мың адам жылап жүр

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2020 20:53 видеодан кадр
Салымшылар полицияға арыз жазғандарымен нәтиже шамалы.

Елімізде тағы 5 мың адам қаржы пирамидасынының құрбанына айналды. Жалған жарнаманың жетегінде кеткен азаматтар аталған ұйымға 37 миллион долларын өз қолдарымен апарып санап берген. Салымшыларға ай сайын салған соманың 30 пайызы көлемінде инвестициялық табыс уәде етілген. Оңай табысқа кенелеміз деген мыңдаған қазақстандық несие алып, көлігін, тіпті пәтерін сатып, инвестициялық компания құйған.

Кей азаматтан 200-300 тіпті 500 мың доллар салғандар бар. Компания 2019 жылдан бастап кеңсесін жауып, ақша төлеуді тоқтатқан. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бауыржан Қайырбасұлы, қала тұрғыны:

"4 мың доллар салдық жинап неткен ақшаларымызды. Октябр айында салған болатынбыз. Ноябрь айында келген кезде проценттерін бермей бастады".

Лесбек Оңласов, қала тұрғыны:

"Сатқан үйдің ақшасын, бала-шағамның тапқанын, анау қызым екі жыл болды жүмыс істемейді, Мать одиночка. Ол немеремізді оқытып жатыр".

"Лидер" инвестициялық компаниясы деген атпен белгілі ұйымның басшысы Рустам Тұрғанов деген азамат Біріккен Араб әмірлігіне қашып барып, сол жақтан салымшыларына видео үндеу жолдапты. Салымшылар қаржысын Биткойн саудасы мен құрылыс саласына салыпты. Түскен табыстан үстеме төлейтінін жеткізген. Бірақ сол кеткен мол кетіпті.

Рустам Тұрғанов, "Лидер" инвестициялық компаниясының басшысы:

"Бәрі қиналып жатыр, жасыратынды жасырып келдік қой осы күгне шейін шыны керек. Басқа таяқ болып тиіп жатыр. Бірақ шығамыз. Сендер үшін де мен төлеймін халыққа. Потаму что мені біледі. Маған сеніп маған келген".

Салымшылар полицияға арыз жазғандарымен нәтиже шамалы. Бүгін олар департаментке келіп, жауап беруді талап етті. Тергеушілер қол қусырып отырған жоқпыз, дейді. Осы компанияның басшысына халықаралық іздеу жарияланыпты. Тіпті сырттай қамауға алу туралы сот шешім шығарған. Осы уақытқа дейін 80 адамнан арыз берген. Күдіктінің үстінен аса ірі көлемдегі алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынған. Ал компанияда есепші, кассир болып жұмыс істеген тұлғалар әзірге куәгер ретінде жауап беруде екен.

Рустам Абдрахманов, Полиция департаменті басшысының орынбасары:

"Күдікті адам қазіргі таңда халықаралық іздеу ге жарияланды. Ұсталған уақытта міндетті түрде абақтыға қамалады".

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: