Путин Зеленскийді Мәскеудегі Жеңіс парадына шақырмады

Кремльдің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2020 03:50 Кремльдің баспасөз қызметі
Украина де-факто және шыны керек, де-юре ТМД қатысушысы емес, – дейді коронавирус жұқтырған Песков.

Ресей президенті Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украина басшысы Владимир Зеленскийдің Жеңіс парадына шақырылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz ресейлік ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ресми Мәскеу Украина лидеріне Жеңіс парадына шақыру қағазын жолдады ма, деген сұраққа Песков берген жауапта "Менің білуімше, оны шақырған жоқпыз" делінді.

Кремльдің өкілі неге бұлай болғанын түсінідіріп берді.

– Ресейдің ол парадқа келгісі келетін бірқатар одақтастары мен серіктестері бар. Бірақ Украинаның де-факто және шыны керек, де-юре ТМД қатысушысы емес екенін білеміз, Украинаның өзі ТМД-ға қызықпайды, Жеңіс күнінің қуанышына біз сияқты қуанып, бізге қосылғысы келмейді, деген сарындағы сөзін айтты коронавирус жұқтырған Песков.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: