Акцизсіз темекі сатпақ болған алматылық жауапкершілікке тартылды

acca.media, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2020 17:01 acca.media
"Milano" маркалы темекі өнімінің 49 қорабын, (24 500 қорапша) 5,5 млн. теңгеге сатпақ болған.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 2020 жылдың басында ірі көлемде темекі өнімін сату арқылы заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан Алматы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел іс-шаралар жүргізу барысында "Milano" маркалы темекі өнімінің 49 қорабын, (24 500 қорапша) 5,5 млн. теңгеге сатпақ болған Алматы тұрғыны ұсталған болатын.

Сот үкімімен айыпталушы ҚР ҚК 214-бабының 1б. (заңсыз кәсіпкерлік) бойынша кінәлі деп танылып, 6 айға бас бостандығын шектеумен қатар, көрсетілген уақытты пробациялық бақылау орнату арқылы мәжбүрлі 50 сағаттық еңбекке тарту жазасы тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: