Жаңалықтар тізбегі
0

Коронавирустан емделіп, жазылғандардан қан тапсыру сұралуда

mos.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2020 21:09 mos.ru
Антидене бар қанды COVID-19-ды жұқтырып, ауыр халде жатқан науқастарға құйса, бұл олардың дерттен айығып, жағдайының нашарламауына көмектесер еді.

Республикалық қан орталығы коронавирус инфекциясын жұқтырып, одан жазылған адамдарды иммундық плазманың доноры болуға шақырады, өйткені бұл олардың қан плазмасында COVID-19 коронавирусына антидене бар екенін білдіреді, деп хабарлайды zakon.kz.

Антидене бар қанды COVID-19-ды жұқтырып, ауыр халде жатқан науқастарға құйса, бұл олардың дерттен айығып, жағдайының нашарламауына көмектесер еді. Өз кезегінде, Республикалық қан орталығы донорлардың жеке қабылдауға дайын екенін, қан алу процесі заманауи қондырғылар арқылы жүзеге асырылатынын, соған сәйкес плазмалық донорлық процедураның толық қауіпсіз екендігіне кепілдік береді.

Плазмалық донорлыққа дейін гемоглобин деңгейі мен қан тобы, иммундық антиденелердің деңгейі бойынша адам медициналық тексеруден өтеді. 400 - 600 мл көлеміндегі плазмалық донорлық процесс орта есеппен 30-40 минутты алады және ол арнайы жабдықта жасалады, - дейді орталықтағылар.

Қанмен байланысқа түсетін барлық материалдар бір реттік және зарарсыздандырылған, онымен бірге қан алатын заттар пакеті донордың көзінше ашылады. Сондай-ақ, иммундық-генетикалық (ПТР) талдау әдісімен қан ВИЧ-1,2, В және С вирустық гепатиттеріне, мерезге тексеріледі.

Қан орталығы қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарын пайдалана отырып, жұмыс істейді және үнемі медициналық тексеруден өтіп отырады. Ішкі ауа үздіксіз дезинфекцияланып, барлық бөлме әр 30 минут сайын желдетіледі. Мұндайда адам денсаулығына ешқандай қауіп жоқ, өйткені қанды сыйға тарту - қарапайым, пайдалы және қауіпсіз рәсім. Қажет болған жағдайда тасымал қызметі көрсетіледі, - дейді қан орталығындағылар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: