Симптомсыз коронавирус инфекциясын тасымалдаушы науқастардың саны 6 мыңнан асты
Depositphotos
Ең жоғары өсім Ақмола, Түркістан, Павлодар, Қостанай облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында байқалады.
Елімізде 3 маусымнан бастап тіркелген симптомсыз коронавирус инфекциясын тасымалдаушы науқастардың саны 6 мыңнан асты, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Лязат Ақтаева ОКҚ-да өткен брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.
Бүгінгі таңда елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 15 877 жағдайы тіркелді, сонымен қатар 3 маусымнан бастап симптомсыз коронавирус инфекциясын тасымалдаушылар жеке есептеле басталады. Содан бері симптомсыз КВИ тасымалдаушы 6 831 науқас тіркелді, - деді Ақтаева.
Оның айтуынша, соңғы бір тәулік ішінде республикамызда КВИ бойынша 335 жаңа жағдай тіркеліп, ауру өсімі 2,2% артқан.
Жалпы, еліміздің 15 өңірінде аурудың күрт өсімі байқалады. Ең жоғары өсім Ақмола, Түркістан, Павлодар, Қостанай облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында байқалады, - дейді министрдің міндетін атқарушы.
Эпидемия басталғалы КВИ-ден 100 науқас қайтыс болды, 9 902 науқас емделіп, жазылды, тәулігіне 255 науқас ауруханадан шығарылуда.
12 709 адам емделуді жалғастыруда, оның ішінде 237-сі - балалар. Олардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Жан сақтау бөлімінде 125 адам жатыр, - деп сөзін түйіндеді Ақтаева.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript