Сот сараптамаларының бір бөлігі аутсорсинг түрінде жүргізіледі
Қазақстанда сот сараптамаларын жүргізудің бір бөлігі аутсорсинг түрінде жүргізіледі, деп хабарлайды zakon.kz.
Тұрғындар алдында есеп беру кездесуі барысында Марат Бекетаев сот-сараптама саласындағы бәсекелестік ортаны одан әрі дамытуға бағытталған қадамдардың бірі - сот сараптамаларының кейбір түрлерін жеке ортаға беру болып табылатынын атап өтті.
Бекетаев аутсорсинг арқылы қылмыстық істер бойынша ішкі істер органдары тағайындаған сот сараптамаларының кейбір түрлерін бәсекелестік ортаға беру туралы Әділет министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің және Бас прокуратураның бірлескен бұйрығына қол қойылғанын айтты.
Сонымен, аталған бұйрық бойынша, Алматы, Шымкент қалаларында және Павлодар облысында пилоттық жұмыс іске қосылды, сондай-ақ ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін Нұр-Сұлтан қаласында іске қосылады.
Сонымен бірге, аутсорсинг арқылы сараптаманың келесі түрлері беріледі: сот-сараптамалық автотауартану зерттеуі, сот құрылыс сараптамасы, сот трасологиялық сараптамасы, психологиялық және сот-медициналық сараптамасы, сот психологиялық-филологиялық сараптамасы, жол-көлік оқиғасы жағдайлары мен көлік құралдарының сот сараптамасы, компьютерлік технология құралдарын сот-сараптамалық зерттеу және тірі адамдарға сот-медициналық сараптама жүргізу.
Қазіргі уақытта Шымкент және Павлодар облысында пилоттық жұмыс аясында жеке сот сарапшыларымен қылмыстық істер бойынша 164 түрлі сот-сараптамалық зерттеулер жүргізілгенін айтқан жөн (осы жылдың мамыр және 17 маусымға дейінгі аралықтағы мәліметтерге сәйкес).
Жалпы, аталған жоба келесі жағдайларға ықпал ететіні күтілуде:
- сараптама тағайындау уақытын қысқарту, әсіресе қамауда отырған адамдардың қылмыстық істері бойынша;
- мемлекеттік сарапшылардың жүктемесін азайту;
- жеке сот сараптамасы институтын дамыту;
- мемлекеттік бюджет шығындарын қысқарту.
Еске түсірсек, 2018 жылдың қараша айынан бастап Әділет министрлігі Жоғарғы Сотпен бірлесіп, соттардың Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары бойынша сот-сараптама институттарына жеке сот сарапшыларына алғашқы сот құрылыс сараптамасы, сот тауартану сараптамасы және сот экономикалық сараптамасы бойынша сараптамалар тағайындау пилоттық жобасы жүзеге асырылды. Тәжірибе өзінің оң нәтижесін берді.
Мәселен, 2019 жылы соттардың ұйғарымы бойынша жеке сот сарапшылары азаматтық істер бойынша 706 сот сараптамаларын өткізді, бұл мемлекеттік бюджеттің шығындарын 42 миллион теңгеден астам азайтуға мүмкіндік берді.