Тоқаев полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2020 16:39 Ақорда
Сіздер пандемияға қарсы күрес секілді қиын-қыстау кезеңде де өздеріңізге жүктелген күрделі міндеттерді адал атқарып келесіздер.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысы өз құттықтауын Twitter-де жариялады.

"Қазақстанның полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Батылдық, адалдық, принципшілдік сияқты қасиеттер – қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі", деп жазды Президент.

"Сіздер пандемияға қарсы күрес секілді қиын-қыстау кезеңде де өздеріңізге жүктелген күрделі міндеттерді адал атқарып келесіздер. Барша полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, бақ-береке, табыс тілеймін!", деп қосты тағы да Мемлекет басшысы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: