Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Тоқаев БАҚ өкілдерін құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2022 09:00 Сурет: akorda.kz
Президент интернет пен әлеуметтік желілердегі жалған ақпарат ағыны жағдайында журналистердің жұмысы фейктердің таралуына тосқауыл болып отырғанын баса айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Ақпарат саласында жұмыс істеу – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Отандық баспасөз еліміздің тұтастығы мен татулығын нығайту жолында елеулі рөл атқарады. Сөз өнерін қасиет тұтып, абырой биігінен көрініп жүрген кәсіби журналистеріміз аз емес. Олар еселі еңбегімен оқырманның, көрерменнің алғысына бөленуде. Бұл – ел игілігі жолындағы адал әрі қажырлы еңбектеріңізге берілген баға.

Бүгінде әлеуметтік желілерде, интернетте жалған ақпарат көбейіп кеткенін көріп отырмыз. Осындай күрделі жағдайда сіздердің шынайы әрі сыни көзқарастарыңыз түрлі келеңсіздікке тосқауыл болар еді. Қазір қоғамдағы басымдықтар өзгеріп жатыр. Кәсіби журналистер қызметінің маңызы арта түсті.

Біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. Бұл – барша отандасымыздың алдында тұрған маңызды міндет. Сіздердің мақалаларыңыз бен сюжеттеріңіз, журналистік зерттеулеріңіз осы бастамаға үлес қосары сөзсіз. Сондықтан нағыз кәсіби мамандардың еңбегін лайықты бағалаудың символдық мәні бар.

Міржақып Дулатұлының «Қай жұрттың баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де күшті» деген тұжырымы бүгін де барынша өзекті. Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі мен идеологиялық дербестігін сақтау үшін отандық журналистердің Қазақстанда және әлемде болып жатқан үдерістер туралы өз көзқарасы болуы керек. Біз қоғамға үлгі-өнеге көрсетіп, мемлекет ісін ілгерілетуге атсалысуымыз қажет. Өйткені халықтың сенімін ақтау – азаматтық борышымыз.

Біз татулық пен бірлікті сақтай отырып, Жаңа Қазақстанды құру жолында жаңа белестерді бірге бағындыратынымызға сенемін.

Баршаңызға шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеймін!, - делінген құттықтау мәтінінде.

Бұған дейін Мемлекет басшысы журналистер мен БАҚ өкілдеріне марапаттар мен гранттар тапсырған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: