Қырғыз елі төтенше жағдай режимін қайта жариялауы мүмкін

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2020 18:55 Сурет: zakon.kz
Қазіргі уақытта мұнда індет қатты өршіп тұр.

Қырғыз еліндегі COVID-19-мен күресу жөніндегі штаб ондағы бірқатар қалалар мен облыстарда төтенше жағдайды қайта енгізуді қарастырып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

- Қазіргі уақытта жағдай Шу, Бішкек, Ош облыстарында және Ош қаласында жағдай қатты ушығып тұр. Бүгін республикалық штаб отырысында төтенше жағдай енгізу туралы мәселе қаралып, барлық факторларды ескере отырып шешім қабылданады, - деді Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Мадамин Қаратаев.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Қырғыз елінде бірнеше күн ішінде COVID-19 инфекциясын жұқтырушылардың рекордтық көрсеткіші тіркелді.

Бүгінгі күні бұл елде КВИ жұқтырғандардың жалпы саны 3 954-ке жетті, 43 адам қайтыс болды, 2 112 науқас емделіп, ауруханалардан шығарылды. Коронавирустың алғашқы оқиғалары наурыздың ортасында анықталғаннан кейін көп ұзамай Қырғыз елінің бірнеше аймақтарында енгізілген төтенше жағдай 10 мамырда жойылған еді. Содан бері мұнда ауру жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың саны шамамен төрт есеге өскен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: