Тірі жанның басына бұйырмасын – Түркістан әкімі коронавирустан қиналуда

Әкім азып, 10 келідей салмақтан айырылды.
22 маусымда коронавирус жұқтырғаны белгілі болған Түркістан әкімі Рашид Аюпов әлі жазылған жоқ, деп хабарлайды zakon.kz.
Ол басынан не өткеріп жатқанын Instagram-да жазыпты.
Бұл ауру, өкінішке қарай, салдарсыз өтпеді. Бірнеше ішкі мүше жұмысын тоқтатып, енді қайта қалпына келтіру қажет болып тұр. Әлі де ұзақ уақыт оңалу шараларын жасаймын бұйырса. Соңғы тест нәтижесі де коронавирустың ағзамнан кете қоймағанын көрсетті. Дегенмен, елге қызмет етуге, мүмкіндігімше, қайта ораламын. Әрине, барлық сақтық шарттарын орындай отыра. Дәл қазір жағдай еш бірімізге де оңай болып тұрған жоқ. Біртіндеп, бірігіп, жағдайды қайта жақсартып аламыз деп сенемін.
- Басымнан өткен қиындықтар тірі жанның басына бұйырмасын деп тілеймін. Осы ретте, барынша сақтық шараларын орындау қажеттілігін тағы бір мәрте естеріңізге салуға рұқсат етіңіздер. Ең маңыздысы: бетперде, достар! Арақашықтық! Тазалық! Өтініш, “сақтанғанды сақтайды” демекші сақ болыңыздар! Жасы үлкендерді барынша қорғап қалуға тырысайық, - деп қосты ол.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript