Алматы облысында 42 медицина маманы көз жұмғаннан кейін марапатталды
Алматы облысында қызмет бабында көз жұмған 42 медицина қызметкерінің туыстарына марапат табыс етілді, деп хабарлайды zakon.kz.
Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пен пневмониядан қайтыс болған 42 медицина маманын көз жұмғаннан кейін марапаттады. Қызметтік міндетін үлгілі атқарғаны, азаматтардың денсаулығын қорғаудағы қажырлы еңбегі үшін қайтыс болғаннан кейін марапатталған азаматтар ішінде:
Алматы облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қайрат Баймұхамбетов – ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен;
Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы аудандық орталық аурухананың дәрігері Бегалдин Алашбаев "Құрмет" орденімен наградталды.