50 мың теңге жәрдемақы тағайындау үшін БЖТ төлеу керектігі туралы жалған ақпарат тарауда
Еңбек министрлігі
Қазақстанда БЖТ-сін төлеу міндеттелген ешқандай жәрдемақы жоқ - министрлік.
Еңбек министрлігі 50 мың теңгені алу үшін БЖТ төлеу қажеттілігі туралы мессенджерлер арқылы тараған мәліметтің жалған екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
50 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы тағайындау үшін екінші деңгейдегі банктердің әртүрлі шоттары арқылы бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі - БЖТ) төлеу қажеттілігі туралы әртүрлі мессенжерлерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Еңбек министрлігі.
Министрлік Қазақстанда БЖТ-сін төлеу міндеттелген ешқандай жәрдемақы жоқ екенін баса айтады.
Азаматтардан жалған мәліметтерге назар аудармауын және ақпаратты тек ресми дереккөздерден пайдалануды сұраймыз. Жалған ақпарат таратқандар заңмен жауапқа тартылатындығын еске саламыз, - дейді ондағылар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript