Жаңалықтар тізбегі
0

Шығыста дәрі-дәрмек бағасына күнделікті мониторинг жүргізілуде

Превенция және парасаттылық басқармасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2020 19:30 Превенция және парасаттылық басқармасы
Тексеруші топ күніне 10-ға жуық нысанға барып, талаптардың сақталуы мен ем-дом препараттар қорын тексереді.

Шығыс Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, облыстық прокуратура, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті, "Шығыс-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі, Арнайы мониторингтік топтың және ақпараттық-насихаттау штабы өкілдерімен бірқатар дәріханаларды аралап, дәрі-дәрмек мөлшері мен олардың бағасына күнделікті мониторинг жүргізуде, деп хабарлайды zakon.kz.

Мақсат - дәрі-дәрмек тапшылығын жою және медициналық препараттардың құнын негізсіз өсіруге жол бермеу. Мұндай шара аудандарда да қолға алынды. Мамандар күнделікті дәріханаларды тексеріп, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін назарға алады. Күрмеулі мәселелер құзырлы органдарға жолданады.

Тексеруші топ күніне 10-ға жуық нысанға барып, талаптардың сақталуы мен ем-дом препараттар қорын тексереді. Топ мүшелерінің айтуынша, заң бойынша дәріханалардың дәрі-дәрмектің бағасын рұқсат етілген бағадан жоғары қоюға құқығы жоқ болса да, бірқатар дәріханаларға тұрғындардың шағымдары түскен. Сонымен қатар, дәрі-дәрмек сатып алу кезінде чек берілмейтіндігі де айтылған.

Жұмысшы топ қаладағы 1 дәріханада кейде чек берсе, кейде бермейтіндігіне көз жеткізіп, қызметкерлеріне түсіндіру жүргізді. Сондай-ақ, рейд барысында тұрғындарды жалған жарнамаларға алданып қалмауға, тек дәріханалардан, медицина қызметкерінің рецепті бойынша алуға шақырды.

Сонымен қатар, шекті бағаны кез келген азамат андроид желісінде "dariKZ" мобильді қосымшасын жүктеу арқылы бөлшек саудада сатылатын немесе босатылатын дәрілік заттардың шекті бағасын бақылауға мүмкіндігі бар. Егер баға шекті сомадан асып кетсе, түбіртегін алып, заң аясында арыздануға болады.

Жалпы, қажетті препараттар мен жеке қорғаныс заттары қаладағы барлық дәріханаларда сатылымда бар. Сонымен қатар, қалалық медициналық мекемелер қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша аудио, бейне жазбаларыңыз бен ұсыныс, шағымдарыңызды 8702 000 24 94 және 8775 306 78 50 WhatsApp нөмірлеріне дәріхана атауын көрсете отырып жолдай аласыздар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: