Сенат сайлауы: Әйелдердің саяси белсенділігі екі есеге өскен

ҚР Парламенті Сенаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2020 23:20 ҚР Парламенті Сенаты
ҚР Парламенті Сенаты сайлауына 10 әйел саясаткер өз үміткерлігін ұсынған.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев ҚР Парламенті Сенаты сайлауы кезінде әйелдердің саяси белсенділігін атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Әйелдердің саяси белсенділігі сақталып келеді. Тіркелген кандидаттардың ішінде 10 әйел бар, бұл жалпы көлемнің - 17,2%. Алдыңғы сайлау науқанымен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есеге жуық артық, - деді Берік Имашев ҚР Парламенті Сенатына кандидаттарды тіркеу нәтижелерін жариялаған отырыста.

Сенат сайлауына 58 үміткер тіркелген.

- Сонымен бір депутаттық мандатқа үш үміткер таласады. Аймақтардың ішінде ең көп кандидат Нұр-Сұлтан қаласында және Ақмола облысында тіркелді, әрқайсысынан бес адамнан түсуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: