Жаңалықтар тізбегі
0

Қаскелең тұрғындары жылыту қазандығының құрылысына қарсы шықты

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2020 19:48 видеодан кадр
Кезінде бәрі 200-300 мыңнан кредит алып бәрі, жылу қазандығын үйінің ішіне кіргізіп алды.

Алматы облысында жылыту қазандығына байланысты даудың созылғанына бір жылдан асты. Әкімдіктегілер құрылысты бастау үшін барын салса, қарапайым тұрғындар керек емес деп қарсы шығып жатыр. Өйткені, әрбірінің үйінде газға қосылған қазандық бар екен, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қарасай ауданының орталығы Қаскелеңдегі алақандай жердің дауы бір жылдан асса да басылар емес. Әкімдіктегілер жылыту қазандығын саламыз деген шешім шығарса, тұрғындар оның бізге еш қажеті жоқ деп дабыл қағуда. Тіпті, соңғы уақытта тәртіп сақышалары да төбе көрсетіп, құрылысын бастауға көмектесуде дейді. Өйткені, әрбірі үйлеріне жылыту пештерін кіргізіп, қаражатты да үнемдеп төлеуге үйреніп алған. Ал, жаңа жоба бойынша оның құны бірнеше есеге өседі деп секем алуда.

– Ыстық суымыз бар, жылыуымыз бар. Газымыздың расходы 3-4 мың екі бөлмелі пәтерге. 5 мың үш бөлмелі пәтәрге. Сен бізге соны жақсартайын деп тұрсың ба, одан артылдырайын деп тұрсың ба жағдайды айт. На пиковые потребление воды. Горячие воды. Значить қасында тұруы керек. Оған да пространство керек. Оны сыйдыра ма, сыйдырмай ма мына жерге. Көрсетіңіз проектіңізді, – дейді Қаскелең тұрғыны Шайқұлла Сұлтанов.

Қазандық салынатын орынның жанында трансформатор орналасқан. Сонымен қатар, балалар алаңқайы да бар. Қолайсыз жерді таңдап, шамбайымызға тиді деген тұрғындар, енді құрылысшылар қанша келсе де қоршауын тұрғызуға жол бермейміз дейді.

– Кезінде бәрі 200-300 мыңнан кредит алып бәрі, жылу қазандығын үйінің ішіне кіргізіп алды. Мына газ шаруашылығынан келіп, рұқсатын беріп, бәрімізде қағаз бар қосылған туралы. Кеше бір өкілі келіп тұр мердігер компанияның: сіздерге жақсы емес пе, сіздерге бәрін тегін қосып береміз, сіздер котелдарыңызды сатып жіберіңіздер дейді. Ол күліп тұрма не сонда, –дейді Қаскелең тұрғыны Арнұр Тұрсынбек.

Бұған дейін, арнайы мамандар келіп, қазандықтың салынатынын айтып, қосылу-қосылмау әркімнің өзі шешеді деген екен. Бірақ, көпшілік іске қосылған жобаға қайткен күнде де кіргізеді деп қапалы. Тіпті, мұның қажеті жоқтығын да алға тартуда. Маңайы мұндай ғимарат салуға мүлде келмейді деп отыр. Ал,әкімдіктегілер жобаның шешімі шығып қойғандығын жеткізді. Тәртіп сақшылары карантин тәртібін бұзғаны үшін келіпті. Бірақ, қазандықты салу барысында тұрғындардың қарсыласуы бекер дейді.

Ербол Нағашбаев, Қарасай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

"Жеке газдандырылған қазандықтармен жылыту СНИП бойынша негізі болмайды. Сондықтан, облыс әкімінің қолдауымен бізге жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеуге 6 блок бөлшек модульдық қазандыққа қаражат бөлінді. Резервпен қалады. Бұл құрылыс жүргізілу керек. Қаражат бөлінген. Келісім-шарттарының бәрі бар. Рұқсат қағаздарының бәрі бар".

Аудан бойынша қазіргі таңда үш қазандықты салу қарастырылып жатқан көрінеді. Олардың құрылысы 15 қазанға дейін бітуі керек екен. Алайда, екі тараптың арасындағы дау әлі бір шешімін тапқан жоқ. Ақ жағалылар сақтық қор есебінде тұруы керек десе, қарапайым халық қомақты қаражаттың желге ұшатындығын айтуда. Өйткені, ешкімнің қосылуға деген ниеті жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: