Жаңалықтар тізбегі
0

12 қыркүйектен бастап Мысырға ұшуға рұқсат етілді

elorda.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2020 22:38 elorda.info
Ұшулар Көліктегі Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралары жағдайында орындалады.

Халықаралық рейстерді қайта ашу жайынан Азаматтық авиация комитеті мәлімет таратты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 11 тамыздағы шешіміне сәйкес 17 тамыздан бастап Қазақстан аптасына 23 рейс жиілігімен 6 бағыт бойынша 4 елге халықаралық ұшуларды кезең-кезеңімен қалпына келтірді:

- БАӘ (11 рейс) ағымдағы жылдың 17 тамызынан бастап Алматы - Дубай (6 рейс) және Нұр-Сұлтан - Дубай (5 рейс) бағыттары бойынша;

- Германия (5 рейс) ағымдағы жылдың 18 тамызынан Нұр-Сұлтан - Франкфурт (5 рейс);

- Беларусь (4 рейс) ағымдағы жылдың 19 тамызынан Алматы - Минск (2 рейс) және Нұр-Сұлтан - Минск (2 рейс) бағыттары бойынша;

- Украина (3 рейс) ағымдағы жылдың 19 тамызынан Алматы - Киев (3 рейс).

Египетке рейстерді ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінен бастап Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыты бойынша қайта жалғасады деп жоспарлануда.

2020 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеулер алынады.

Ұшулар Көліктегі Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралары жағдайында орындалады.

Еліміздің барлық әуежайларда дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар күшейтілді, қолды санитарлық тазарту қондырғылары орнатылды, карантин шаралары сақталуда (маскалар мен қолғаптарды міндетті түрде кию). Ғимаратқа кіре берісте жолаушылар мен әуежай қызметкерлерінің байланыссыз термометриясы жүргізіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: