Жаңалықтар тізбегі
0

Дәрігерлер коронавирустың негативті болжамына сүйеніп, дайындық жүргізіп жатыр

rbk.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2020 23:17 rbk.ru
Жаңа карантиндік шараларды енгізілу-енгізілмеуі әр адамның өзіне, атап айтқанда, санитарлық нормаларды сақтау-сақтамауына байланысты.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов коронавирус инфекциясының болуы ықтимал жаңа толқынына қатысты дайындық мәліметтерімен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

- Болжам үш компоненттен тұрады: негативті, реалистті және позитивті. Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мен Үкіметі қазір негативті болжамды басшылыққа алып отыр. Болжам ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болады. Ұзақ мерзімдіде қателікке жол беру қаупі өте жоғары, сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі қысқа мерзімдіні, яғни апталық немесе 10-15 күндік болжамдарға сүйенеді, - деді Бағдат Қоджахметов ОКҚ-да өткен брифингте.

Оның айтуынша, жаңа карантиндік шараларды енгізілу-енгізілмеуі әр адамның өзіне, атап айтқанда, санитарлық нормаларды сақтау-сақтамауына байланысты.

- Карантиндік шаралар күшейтіле ме немесе жұмсартыла ма, ол жағы тікелей біздің қоғамның өзін ұстауына, жалпы тәртібіне байланысты. Біз санитарлық дәрігерлердің талаптарын қатаң сақтауымыз керек. Ең алдымен, маска кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау маңызды. Жабық бөлмелерде санитарлық дәрігердің бұйрығымен рұқсат етілген мөлшерден артық адам жиналмау керек, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: