Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанда қандай жаза күтіп тұр
ҚР СІМ
Ол Қазақстанда да өмір бойына сотталуы мүмкін.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанда жазасын өтеу туралы өтінішті әлі бермегенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Біздің ақпаратымыз бойынша, оның үкімі заңды күшіне енді. Біздің Қытай Халық Республикасымен сотталған азаматтарымызды беру туралы екіжақты келісімшартымыз бар. Бірінші шарт – оның жазасын Қазақстан Республикасында өтегісі келетіні туралы жазбаша өтініші болуы керек, - деді Ахметжанов.
Егер Тұрлыбай өтініш берсе, ратификацияланған Шартқа сәйкес, ол қарастырылады және ҚХР прокуратурасының қарауына жіберіледі.
Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бізде қандай жаза қарастырылғанын көреміз. Бірақ айта кету керек, 297 бап – бұл есірткі сату мен тасымалдау, бізде де бұл бап бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген. Егер оның қылмысы Шарттың талаптарында көрсетілген болса, менің ойымша, барлық материалдарды зерттеп, оны жазасын Қазақстанда өтеу үшін елімізге экстрадициялауға толық мүмкіндігіміз бар, - деп түсіндірді бас прокурордың орынбасары.
Сонымен бірге, спикер Ақжарқыннан әзірге ондай өтініш түспегенін атап өтті.
Бас прокуратураға әзірге ондай хат келген жоқ. Оның қорғаушылары бар, өзі бар, ҚХР-да біздің консулдық пен елшілік бар. Яғни, енді бізге ресми өтініш келсе, осы бағыттағы жұмысты бастаймыз деп ойлаймын, - деді Ахметжанов.
Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында ұсталған. Оған есірткі контрабандасы бойынша айып тағылып, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Өткен жылдың соңында іс Гуанчжоу сотында қайта қаралып, үкім өзгеріссіз қалдырылған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript