Ауруханалар құрылысын қаржыландыру үшін Еуразиялық даму банкімен келісім жасалды
ҚР ДСМ баспасөз қызметі
Меморандум аясында тараптар бірнеше бағытта ынтымақтастық орнатуға ниетті.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Еуразиялық даму банкі өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен ЕДБ басқарма төрағасы Николай Подгузов онлайн кездесу барысында келісімге қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.
Меморандум аясында тараптар бірнеше бағытта ынтымақтастық орнатуға ниетті: ЕДБ Министрліктің жобаларын қаржыландыру, оның ішінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңартуға жәрдемдесу; ЕДБ-ға қатысушы мемлекеттерде МЖӘ-бастамаларды ілгерілету арқылы жеке секторды тарту және жобалау алдындағы дайындық тетіктерін дамыту.
"Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы, сондай-ақ денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында министрлік денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңартуды қарастыруда. Осыған байланысты Министрлік ЕДБ-мен бірлесіп аталған бағытта жұмыс бастауға дайын екенін білдіреді", - деді Алексей Цой.
"ЕДБ Халықаралық қаржы ұйымы ретінде ЕДБ құралдарын пайдалана отырып, Министрлік іске асырып жатқан жобаларға қатысуға және көмек көрсетуге мүдделі. Интеграциялық мүмкіндіктерді де қолдануға болады.ЕДБ-ға қатысушы елдерде медициналық жабдықтар жеткізуші компания, мердігер, жеке серіктестерді іздеуге көмектесуге, сауда және экспорт алдындағы қаржыландыру құралдарын қолдануға ниеттіміз. Серіктестік қатынас ұзақ мерзімді, тиімді және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған", - деді ЕДБ Басқарма төрағасы Николай Подгузов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript