Алматыда алаяқтарға көмектескен күдікті ұсталды

Ұсталған адам Шымкент қаласының тумасы, жеңіл жалақы туралы интернет-хабарландыруға үн қатқан ол хабарландырудың мәні телекоммуникациялық компанияға жұмыс істеу түрінде байланыс арналарын күшейту үшін жабдықтарды орнату және басқару болған.
"Алаяқтық схеманы жүзеге асыру үшін ол көрші мемлекетке барып, қажетті жабдықтар сатып алып, содан кейін 2025 жылдың 27 ақпанында Алматыға келген. Жалға алынған пәтерді тексеру барысында әрқайсысы 32 SIM-картаға есептелген екі SIM-бокс құрылғысы, сондай-ақ әртүрлі ұялы операторлардың SIM-карталары табылды. Техникалық құралдар нөмірлерді ауыстыру және алаяқтық қоңырауларды жүзеге асыру үшін пайдаланылған". Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі
Аталған факті бойынша абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды заңсыз пайдалану туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (ҚР ҚК-нің 213-бабы).
Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды қырағылық танытуға шақырады. Сондай-ақ жеке деректердің құпиялылығын сақтау қажеттігін еске саламыз: кіру кодтарын, құпия сөздерді және банк карталарының деректемелерін бөгде адамдарға бермеңіз.
Бұған дейін Жамбыл облысында алаяқтық жолмен өзгенің 2,7 млн теңгесін иемденген күдікті ұсталғанын хабарлағанбыз.