Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан "Экономикалық даму мүддесіндегі тиімді басқару" бағдарламасына қосылды

Ресми сапар, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2023 18:00 Сурет: freepik
Астанаға ресми сапар аясында Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлидің ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиевпен кездесуі өтті. Тараптар өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараптар Қазақстан 2023 жылдан бастап қосылған "Экономикалық даму мүддесіндегі тиімді басқару" бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастыққа қызығушылық танытты және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

"Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою біздің елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестік пен өзара іс-қимылды нығайтуға қосымша үлес қосады. Бүгін қол қойылған келісімнің мәні елімізде "Экономикалық даму мүддесінде тиімді басқару" бағдарламасы шеңберіндегі өзара қолдау болып табылады. Өзара әріптестіктен күтілетін нәтиже бүкіл өңір бойынша жүргізілетін реформаларды қолдаушы бағдарламалардың бір бөлігі ретінде айқындалған экономикалық реформаларды тиімді және ашық жүргізу болып табылады", – деді Әсет Ерғалиев.


Бағдарлама елдердің сенімді деректерді жинау және оларды саясатты әзірлеу және экономикалық реформаларды жүзеге асыру, үкімет ішіндегі үйлестіру істерін және азаматтармен өзара әрекеттесуді жақсарту үшін пайдалану жөніндегі күш-жігерді қолдайды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өткізілген іскерлік әңгімеге ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы одан әрі қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: