Ұлттық банк тамыз айында теңге бағамының алай-бұлай болуына не түрткі болғанын түсіндірді
ҚР Ұлттық банкі
Дәстүрге сай тамыз айында тағы бір маусымдық фактор болды, ол - жазғы демалыс маусымына байланысты туындаған сұраныс.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова тамыздағы теңгенің айырбас бағамына қандай факторлар әсер еткенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
- Тамызда кейбір күндері теңгенің сыртқы емес, ішкі факторларға байланысты нығайғанын байқадық. Негізінен, бұған салық төлемдері есебінен валюта ұсынысының маусымдық өсімі әсер етті. Бір сөзбен айтқанда, "салық" аптасы. Оның айқын әсері дағдарыс басталғаннан бері бірінші рет наурыз айында байқалды, ол кезде, керісінше мұнайдың бағасы ең төменгі шекке дейін құлдыраған, - дейді ол.
Молдабекованың айтуынша, дәстүрге сай тамыз айында тағы бір маусымдық фактор болды, ол - жазғы демалыс маусымына байланысты туындаған сұраныс. Бірақ биыл пандемиямен байланысты бұл фактор жылдағыдай көлемде мінез таныта алмады.
- Тамыз айында кепілдендірілген трансфертті қамтамасыз ету үшін Ұлттық банк Ұлттық қордағы 681 миллион доллар көлеміндегі шетел валютасын сатты. Тамыздағы трансферттің конверсия мөлшері алдыңғы айлармен салыстырғанда айтарлықтай төмен болды, бірақ бұл валюта нарығындағы тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соқпады, - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, квазимемлекеттік сектор компаниялары өздерінің міндеттемелері шеңберінде бір айда валюталық түсімдерінің бір бөлігін 266 миллион долларға сатты, бұл да сұранысты теңестірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript