Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда әлі қаншама адам құжатсыз жүр

Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2020 20:22 Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Нәтижесінде адамдар медициналық, әлеуметтік және құқықтық көмектен айырылады.

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобымен 2019 жылы 28 азаматқа құжат берілген, ағымдағы жылы 1974 жылғы үлгідегі КСРО Қызыл паспорттарымен немесе туу туралы куәліксіз тұратын 18 азамат құжатталған, деп хабарлайды zakon.kz.

Адамдар ондаған жылдар бойы құжатсыз өмір сүреді. Себептердің бірі – заңгерлік сауаттылықтың өте төмен болуы: көбісі қайда жүгіну керектігін, қандай да бір анықтаманы қайдан алу және өтінішті қалай жазу қажеттігін білмейді. Көші-қон қызметі тобының аға инспекторы полиция капитаны Зульфия Ақзамованың айтуынша, көмекке жүгінгендер көбінесе әріптеп айтқан кезде ғана өтініш жаза алады.

Нәтижесінде адамдар медициналық, әлеуметтік және құқықтық көмектен айырылады.

"Адамдар қиын өмірлік жағдайға тап болған кезде, олардың санаулысы құжаттарды өзгертуге немесе қалпына келтіруге тырысады. Жалпы, әрқашан сізге не болғаны маңызды емес, қазір өзініздің өмірінізді өзгертіп бастамасаңыз, жиырма жыл бойы құжаттар жасайсыз", - деп түсіндіреді Зульфия Акзамова

Оның айтуынша, құжатты қалпына келтіру үшін орта есеппен алты ай, тіпті одан да көп уақыт кетеді. Оның барлығы қай елдің азаматы жүгінгеніне және оның қанша бойы құжатсыз жүргеніне байланысты. Кейде колында бірде-бір құжаты жоқ адамдар келіп жатады. Кейде азамат өзінің тегін, атын, әкесінің атын немесе тіпті туған күнін еске түсіре алмайды.

Көбінесе құжаттардың болмауы Кеңес Одағының ыдырауымен байланысты, - дейді Зульфия Ақзамова. Тоқсаныншы жылдары мұрағаттар жоғалды, жаңадан құрылған тәуелсіз мемлекеттерге кіру және шығу әрдайым дұрыс жазылмады, бұрынғы Кеңес Одағының құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі анықталмады.

Сондай-ақ, клиенттің үйіне барып, азаматтарды жеке куәлікке ресімдеу бойынша жұмыс жүргізіледі. Ағымдағы жылы Мобильдік Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 15 азамат рәсімделді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: