Жаңалықтар тізбегі
0

Депутаттар Үкіметтен халықты тезірек вакцинациялауды сұрады

zoda.gov.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2020 18:37 zoda.gov.ua
Депутаттар халыққа жаппай екпе салдыру ісін Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының ақшасы есебінен жүргізуді ұсынады.

Депутаттар Үкіметтен халықты тезірек вакцинациялауды сұрайды. Асқар Маминге жолданған депутаттық сауалды Зағипа Балиева бүгін Мәжіліс отырысында оқып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация пневмониямен сырқаттануды азайтып қана қоймай, коронавирустың едәуір жеңіл жүруіне әсер етеді.

Депутаттар вакцинациялауды Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен жүргізуді ұсынады.

- Біз бәріміз коронавирустан қорқып қалдық, бірақ әлемдегі барлық пневмониялардың ішінде COVID, тек 4-5% құрайды, ал қалған 95% басқа тектен шыққан. Атап айтқанда, пневмококктан. Пневмококктық вакцинасы 65 және одан жоғары жастағы барлық адамдарға салу керек. 19 жастан асқандар үшін - егер бұл адам қант диабетімен, өкпенің, бүйректің, бауырдың созылмалы ауруларымен ауырған болса. Пневмококктық вакцинациядан өті жоқ немесе кохлеарлы имплантантпен жүргендерді босатуға болады, - деді Балиева.

Оның айтуынша, биылғы жылдың 7 айында республикамызда пневмококк инфекциясына қарсы жүйелі түрде вакцина егіліп келеді: бірінші вакцинация - 148,221 (1 жасқа дейінгі балалар санының 43,2%), екіншісі - 133 723 (1 жасқа дейінгі балалар санының 38,9%) және үшінші вакцинация - 137 554 (2 жасқа дейінгі балалар санының 40,6%) адам алды.

Коронавирустың қайта бой көтеру ықтималдылығын ескере отырып, онымен қатар жүретін инфекциялардан туындаған аурулар, мысалы, пневмококк, өмірге нақты қауіп төндіреді.

- Пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация пневмониямен сырқаттанушылықты азайтып қана қоймай, коронавирустың едәуір жеңіл жүруіне ықпал етеді. Егер біз қазірден бастап жаппай вакцинация жасайтын болсақ, онда ертең жаңа ауруханалар салудың қажеті болмайды, - деп сөзін түйіндеді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: