Іскер жігіттер ел дамуына қарқын береді
Бүгінгі күні партияішілік іріктеуде бақ сынап жатқан азаматтардың қатарында "BB Future Energy Company" инвестициялық компаниясының басқарушы президенті әрі құрылтайшысы, "ТаразЭнергоОрталық" АҚ басқарма төрағасы Бақберген Бөлдешұлы Мәуленов те төбе көрсетіп отыр. Іскерлік мектебінен өткен Бақберген Бөлдешұлының Парламент Мәжілісіне лайықты депутат екендігін айта кеткіміз келеді. Көргендігі мен көңіліне түйген пайым-пікірлері, білім мен біліктілігі ел дамуына, экономикамыздың өркендеуіне жұмысар күш-жігері де қажырлы азамат!
Қазір өзі басарып отырған "ТаразЭнергоОрталық" АҚ-ы 2018 жылы 89 миллион 620 мың теңге шығынмен шықса, 2019 жылы 132 миллион теңге таза табыспен шықты. Инвесторларды тарта отырып, жұмыс өнімділігін, өндірістің қуаттылығын арттырды. Сондай-ақ, 2023 жылы негізгі қорларды толық жаңартуға тағы 3 миллиард теңге қарастыруда. Тұрғындарды үздіксіз ыстық сумен қамтуда Ресейден озық үлгідегі жылу, ыстық су және электр қуатын өндіретін жабдықтар әкеліп орнатпақшы. Кәсіпорында ірі жобаларды жүзеге асыруда 2026 жылға межелеп отыр. Оған көзделген қаржы да қомақты. 67 миллиард 200 миллион теңге. Осындай ауқымды жұмыстардың негізінде өнім өндірудің өзіндік құны төмендеп, рентабельді жұмыс жүргізуге қол жеткізілмек. Кадрлардың да қажырлы еңбек етуі үшін барлық жағдай жасалуда. Қызметкерлердің орташа жалақысы 138 753 теңге. Қазір кәсіпорының қазаны қайнап, бойына тың қуат жүрген.
Бақберген Бөлдешұлының қайырымдылық, демеушілік мақсатындағы атқарған жұмыстарының өзі бір төбе. Әрдайым азаматтық келбеті жарқын. Жауапкершілігі жоғары. Іскерлігі, тәжірибелілігі оның қандай да бір қиын іс болмасын алып шығып, жетістікке жеткізетіні анық. Сондықтан, ішкіпартиялық іріктеуде Бақберген Мәуленовтың лайықты таңдауға ілінетініне сенімдіміз. Аға буын өкілдеріне, соғыс және еңбек ардагерлеріне деген ілтипаты да жоғары. Қай кезде де есігі ашық, пейілі дархан. Мына пандемия кезінде де көмек сұрап қайырылыған жандарға жомарттық танытып, көмегін берді. Бақберген Бөлдешұлы мекеменің есебінен ҰОС ардагерлері мен мүгедек балалары бар тұрғындарға жылу беруді тегін ету мәселесін шешті. Ал осындай топта 453 абонент бар екен. Бұл да азаматтығы ғой.
Сондықтан жоғары өкілетті органында осындай іскер жігіттер орын алса, бар күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін жұмысай отырып, ел дамуына қарқын берері анық. Еліміздің қоғамдық-саяси дамуындағы тың саяси науқанда Бақберген Бөлдешұлы Мәуленовтың мерейі үстем боларына сенімдіміз.
Еркінбек СОЛТЫБАЕВ, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы,
Сансызбай ЖОРАБЕКОВ, төраға орынбасары,
Оңласын ЕСІРКЕПОВ, облыстық билер кеңесінің төрағасы
Алдиярбек ТҮСІПОВ, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы