Жаңалықтар тізбегі
0

Депутат сатылымға қойылған Шымкент әуежайы маңындағы былықтарды атап көрсетті

kursiv.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2020 18:02 kursiv.kz
Бұл қала әуежайының болашақ перспективасына деген күмәнді қоюлатады - Жамалов.

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Премьер-министр Асқар Маминге Шымкент әуежайын сату үшін тендерге өтініштер қабылдау мерзімін қайта қарау туралы сауалмен жүгінді, деп хабарлайды zakon.kz.

Депутат мемлекеттік органдар стратегиялық объектілерді көбіне тендерге қатысушыларды тиісті іріктеуден өткізбестен жеке меншікке бер салады деп санайды.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қазанда элтекронды сауда алаңында Шымкент әуежайын 5,2 миллиард теңгеге сату туралы хабарландыру пайда болды.

Шымкент қалалық әкімдігі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тендер жариялап үлгерді, онда сенімді басқару құқығын беру мерзімі 10 жыл, ал тендерге өтініштердің қабылдау үш аптаға ғана - 18 қыркүйектен 8 қазанға дейін белгіленген.

- Көрініп тұр, біреу үшін бұл тендерді тез әрі ың-шыңсыз өткізу тиімді секілді. Бәрінен таң қаларлық нәрсесі, конкурсқа жеке кәсіпкерлер де, тіпті жеке тұлғалар да қатыса алады екен. Қалай бір жеке тұлға бүкіл әуежайды басқара алады? Бұл қала әуежайының болашақ перспективасына деген күмәнді қоюлатады. Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, мұндай объект үшін бастапқы бағасы 5,2 миллиард теңге деген тым төмен, деп атап өтті Жамалов.

Нысанның стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, депутат келесі ұсыныстарды қарастыруды сұрайды:

- Шымкент әуежайын сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге өтініштерді қабылдау мерзімдерін ұзарту;

- әлеуетті қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын қайта қарау;

- объектінің құнын қайтадан бағалау.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: