Ақтөбелік шенеуніктер мемлекеттік бағдарламаның 163 млн теңгесін ұрлады деген күдікке ілінді
zakon.kz
Мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларының ұрлық фактісіне қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитеті Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті "Қазына" жедел алдын алу шаралары аясында бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады.
Мемлекеттік басқарма жанындағы шаруашылық кәсіпорын мен "КК" ЖШС арасында "Өңірлерді дамыту" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 163 млн теңгеге "Мұғалжар ауданының ауылдық округіндегі сумен жабдықтау желілері" құрылыс-монтаждау жұмыстарына мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасалғандығы анықталды.
- Алайда жарияланған жұмыс толық көлемде аяқталған жоқ және алдын-ала есептеулер бойынша мемлекетке 13 млн теңге залал келтірілген. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы (Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларының ұрлық фактісіне қатыстылығы тексеріліп жатыр, - деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитетіндегілер.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript