Дархан Қалетаев тағы бір елдің қосымша елшісі болып тағайындалды
Ақ Жайық
Атап айтқанда, ол - Украинадағы, сонымен қатар Молодовадағы Қазақстан Республикасының елшісі.
Дархан Қалетаев Молдовадағы ҚР елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
"Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды", делінген Ақорда хабарламасында.
Дархан Қалетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы елшісі болып 2020 жылдың ақпанында тағайындалды. Оған дейін ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript