Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары жаңадан тағайындалды

ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2020 21:45 ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті
Бұл лауазымды қызметке Қайрат Миятов келді.

Миятов Қайрат Исатайұлы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайрат Миятов Жамбыл қаласында 1971 жылда дүниеге келді, білімі жоғары: 1993 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша 1997 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын "Экономист-бухгалтер" мамандығы бойынша және 2006 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін "Заңтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл облысы бойынша Салық инспекциясының аға салық инспекторы болып бастады, онда 2002 жылға дейін шағын бизнес бөлімінің бастығы, келіспеушіліктер және консультациялар бөлімінің бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.

2002 жылдан бастап ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігіне мониторинг және трансферттік баға белгілеу департаментінің халықаралық іскерлік операциялар бағаларының мониторингі бөлімінің бас маманы болып жұмысқа ауысты. 2003 жылдан 2005 жылға дейін ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің салықтық әкімшілендіру басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді.

2005 жылы Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, онда 2007 жылға дейін жұмыс істеді.

2007 жылдан 2009 жылға дейін ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің салықтық әкімшілендіру басқармасы бастығының орынбасары, содан кейін салықтық аудит басқармасының бастығы лауазымдарында жұмыс істеді.

2009 жылы Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Алматы ауданы бойынша Салық басқармасының бастығы болып тағайындалды, онда 2011 жылға дейін жұмыс істеді.

2012 жылдан 2013 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2013 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің оңалту және банкроттық басқармасының, жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының, экспорттық бақылау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2017 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің апелляция департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2020 жылғы 05 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: