Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда алма ағаштары оталуда

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2020 18:21 видеодан кадр
Бұрын бірнеше алманың түрі өскен бақшаның қазіргі жағдайы мүшкіл.

Алматының атақты алмасы отынға айналды. Алатаудың бөктеріндегі бір кездері жайқалған жасыл бақ қурап, пешті жылытуға ғана жарап қалды. Әйгілі апорттан бастап алманың бірнеше түрін мамандар жарты ғасыр бұрын арнайы отырғызған екен. Бұған дейін талай адамға азық, көрмелердің көзайымы болған алқызыл жемістер енді жоғалудың аз-ақ алдында. Атадан мал қалғанша, тал қалсын деуші еді, ата-әжелеріміз отырғызған алма ағашына қалайша балтаның жүзі тиді?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"Специалистер ол алманы екі сортты бір ряд сары алма, бір ряд қызыл алма салған что оның дәмі тәтті болсын деген. Қазір бұл садты бәрін кесіп отын қылып жатыр".

Халида Жазылбекованың қаладан ұзап Талғар ауданы маңындағы бақшаға келіп жүргеніне он жылдан асқан. Күз айында пісетін алмалардың дәмі тіл үйеретін дейді. Жарты ғасыр бұрын мамандар барлығын жіті бақылап, арнайы отырғызған екен. Соңғы екі жыл аяқ баспай, енді келгенімде оталған ағаштар мен қурап қалғанын көрдім, дейді.

Халида Жазылбекова, қала тұрғыны:

"Екі жұмадай болды келгеніме. Келсем алма бақшаның орнында ағаштар жатыр. Барлығын кесіп-кесіп тастаған. Адамдар айтады бұл высокопоставленный адамдар осы садты выкупить етіп участкомен сатқан выгодно дейді".

Бұрын бірнеше алманың түрі өскен бақшаның қазіргі жағдайы мүшкіл. Өйткені ағаштарының көбі қурап кеткен. Оның тағы бір себебі су арналарының бұзылуы, дейді Халида Жазылбекова. Ал, Талғар аудандық әкімдігінің өкілі бұл жердің жеке шаруашылыққа өткеніне бірнеше жылдың жүзі болғанын айтты.

Жангелді Өмірәлиев, Талғар ауданы әкімінің баспасөз хатшысы:

"Бұл жер жеке меншік болып саналады. Бұрыннан бері шаруа қожалықтар бөліп-бөліп алған. Бұл жерден Бірлік-Ақбұлақ трассасы өткен кезде біз мемлекеттік мұқтаждық үшін жерді сатып алған болатын. Ол жерден жол өтіп тұр. Ал, бұл жер жеке меншік. Бұл жерге біз жауап бере алмаймыз".

Қазан айының басында үкімет басшысы азық-түліктің 6 түрін көбейту туралы айтқан болатын. Оның ішінде алма бақтарға арналған шекараны ұлғайту туралы да айтқан. Талай жылдан бері осы жердің жемісін жеп, таза ауасымен тыныстап келгендер, бұл аумақты да сақтап қалса деген ойда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: