Алматыда ағаштар құлап жатыр

Алматыда дауылдың салдарынан ағаштар құлап жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2023 12:13 Сурет: Zakon.kz
Алматыда қатты дауыл тұрып, шаһардың бірнеше ауданында ағаштар құлаған.

Төтенше жағдайдар департаменті мен қалалық әкімдік бұған қатысты ешқандай ақпарат бермеді. Бірақ желіде тарап жатқан бейнежазбаларға қарағанда ағаштар аулаларға, балалар алаңқайына және көліктерге құлаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұған дейін тараған ресми ақпараттарға сай жыл басынан 22 ағаш сынып түсіп, 4 көлік пен 2 дәмхананы зақымдаған.

Сондай-ақ қалада 4 млн жуық тал-терек өсіп тұр. Оның 80 мыңнан астамы апатты жағдайда тұр.

Оларды толығымен кесіп бітіруге кем дегенде 5 жылдай уақыт қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: