Жаңалықтар тізбегі
0

Билік шетелдік студенттер үшін медициналық қызметтерді тегін етті

knews.kg, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2020 20:45 knews.kg
Қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыру аясында ғана медициналық қызметтерді тегін алады.

Шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетінше оқуға түскен, ал қазір қашықтан оқып жатқан қазақстандық студенттер ҚР Білім және ғылым министрлігіне өтініш білдіріп, медициналық қызметтерді тегін алу бойынша көмек көрсетуді сұраған болатын, деп хабарлайды zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ендігі кезекте бұл студенттер де қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері сияқты МӘМС шеңберінде медициналық көмекті тегін алатын болады. Студенттер сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебесін растау үшін "электрондық үкімет" порталында тіркеуден өтулері қажет. Кейін білім алушыға қатысты мәліметтер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жолданады. Нәтижесінде студенттер МӘМС шеңберінде жеңілдіктер санатына енгізілетін болады.

"Студенттер өтініштерін министрдің блогына да жолдады. Біз бірден әрекет жасап, олардың "электрондық үкімет" порталы арқылы тіркелуі үшін қажет жағдай жасадық. Осылайша 10 күннің ішінде "Шетелде оқитын студенттерді тіркеу" қызметін 250-ге жуық адам пайдаланған. Ендігі кезекте олар медициналық қызметтерді тегін ала алады", – деп жазды Білім және ғылым вице-министрі Р.Биғари Facebook-тегі парақшасында.

Қазақстандық оқушылар мен студенттер міндетті медициналық сақтандыру аясында медициналық қызметтерді тегін алатынын естеріңізге сала кеткен жөн.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: