Жаңалықтар тізбегі
0

Қырғызстан шынымен де Қазақстаннан көмек сұрап келіпті

ҚР СІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2020 16:29 ҚР СІМ
Кеше Руслан Қазақбаев Нұр-Сұлтанға ресми сапармен барып, қазақстандық әріптесі Мұхтар Тілеубердімен кездескен.

Қырғызстанның сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Қазақстаннан қайтарымсыз дәрі-дәрмек пен қорғаныс құралдарын сұраған. Осылай деп Қырғызстан СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

29 қазанда Руслан Қазақбаев Нұр-Сұлтанға ресми сапармен барып, қазақстандық әріптесі Мұхтар Тілеубердімен кездескен, деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және миграциялық салада қырғыз-қазақ ынтымақтастығы сөз болған.

"Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты Руслан Қазақбаев қырғыз тарабына қаржылай-техникалық көмек көрсетуді сұрады", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек екі ел арасындағы шекарада жүк өткізу кезінде болатын қиындықтарды жою мәселесі талқыланған. Қырғыз тарабы жүк өткізуде біріңғай алгоритм жасауды ұсынған. Сонымен бірге шекара аймағынан ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін бірлескен сауда-логистикалық орталық ашу ұсынылған.

Су-энергетикалық мәселелер де сөз болған. Кездесу қорытындысында бауырлас екі елдің қарым-қатынасы одан әрі берік дами беретініне сенім білдірген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: